«Косово оқиғасы қазіргі заманғы халықаралық қарым-қатынастағы ең жанға бататын проблема болмақ, ол әлемнің құрылымын ұйымдастыру және мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру жүйесіне күмән тудырады «, — деді Д. Назарбаева.
«Бүгін біз әлемді Косовоға дейінгі және Косоводан кейінгі деп ажырата аламыз», деді форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы.
Оның айтуынша, XXI ғасырдың басы осы тектес бірнеше өзгеше оқиғаны алып келді. Д. Назарбаеваның пікірінше, осындай прецедент ретінде Ирактағы соғыс пен 11 қыркүйек трагедиясын атауға болады.
«Бүгін осы оқиғалардың қатарына экономикадағы ғаламдық тауқыметтер қосылды. Әлемдік азық-түлік дағдарысы мен оған сабақтаса келген азық-түлік өнімдері бағасының шарықтауы бізді халықаралық ұйымдардың ролі мен орнына және халықаралық қарым-қатынастардың гуманитарлық жағына басқаша көзқарас тұрғысынан қарауға мәжбүрлейді», — деді Д. Назарбаева.
Оның айтуынша, дамушы елдердегі аштық қаупі бүкіл адамзаттың ортақ тауқыметі болмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті