Қостанай облысының 8 ауылы ішімдіктен бас тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 512.32
  • 582.92
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанай облысының 8 ауылы ішімдіктен бас тартты

Қостанай облысының 8 ауылы ішімдіктен бас тартты

Қостанай облысының 8 ауылы ішімдіктен бас тартты

  • 30 Наурыз
  • 6
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин былтырғы қылмыстардың шамамен 27%-ы масаң күйде жасалғанын айтты. Бұған жауап ретінде үйде де алкогольді ішуге тыйым салатын 4 мыңға жуық сот шешімі шығарылған.

2024 жылы облыс аумағында тұрғындары алкогольден бас тартқан 6 елдімекен (Милісай, Сарысу, Әбдіғапар, Крамское, Отынағаш, Көктал ауылдары) болды.

«Бұл ауылдарда осы күнге дейін бірде-бір қылмыстық құқықбұзушылық немесе отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі тіркелген жоқ», — деді ІІМ өкілдері.

Биыл Ұзынкөл ауданындағы тағы екі ауыл, яғни Абай мен Уқатқан ішімдіктен бас тартқан ауылдар қатарына кірген.