Коста-Рикада Турриальба жанартауы атқылай бастады, соның салдарынан бұл латынамерикалық елдің әуе қозғалысына кедергі келтірілді, деп хабарлады жұмада батыстық БАҚ.
Елдің астанасы Сан-Хоседегі әуежай жабылды.
Соңғы рет Турриальба наурыз айының басында атқылаған, ол кезде бұл әуежай екі күнге жабылған болатын.
Турриальба шамамен 130 жыл бойы белгі бермей келген, бірақ оның сейсмикалық белсенділігі 1990-шы жылдан бері арта бастаған.
Турриальбаның биіктігі — 3 340 м. Бұл көлемі жағынан Коста-Рикадағы екінші жанартау.