Жарияланды: 590

Көтеріліске шыққан мұнайшыларды жұмыстан босатуға мораторий жарияланды

Жұмысшылар мен жұмыс беруші арасындағы дауды реттеу үшін құрылған арнайы комиссия «Қаражанбасмұнай» мен оның еншілес компанияларының көтеріліске шыққан жұмысшыларды қызметтен босатуына уақытша тыйым салды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жұмыс комиссиясын құру туралы шешім бейсенбі күні аймақ әкімі Қырымбек Көшербаевтың «Қаражанбасмұнай» өкілдерімен және жұмысшылардың отбасы мүшелерімен кездесуінде қабылданған болатын. Баспасөз қызметінің ақпарына қарағанда, комиссияға облыс әкімінің орынбасары Аманкелді Айтқұлов жетекшілік етеді. Оның құрамына жұмыс беруші компания, кәсіподақ пен қоғамдық ұйымдар мүшелері кірген.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін