"Көзін көгерттім": Анара Батырхан жігітін қалай ұрғанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Көзін көгерттім": Анара Батырхан жігітін қалай ұрғанын айтты

"Көзін көгерттім": Анара Батырхан жігітін қалай ұрғанын айтты

Актриса, тележүргізуші Анар Батырхан талай жыл кездескен жігітінің көзін қалай көгерткенін айтып берді.

  • 6 Сәуiр 2023
  • 295
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы "Қыздар-ай" бағдарламасында әңгімеледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы. 

"Менің бұрын жігітім болды. Қазір сол жігітпен қалай жүрдім деп ойлаймын. Қазіргі Анар ол жігітпен жүрмес еді. Мен ол кезде ақымақтау болдым-ау. Менің ойымша, 4,5-5 жыл деген үлкен мерзім. Бұл бес күн, бес апта емес. Бір-бірімізге бауыр басып қалдық. Қазір "абьюзер" деген сөз бар ғой. Ол кезде ол сөзді білмейтінмін. Қазір ойласам, тура сол жігіт", — деген Анара Батырхан.

Өнер иесі ол жігітті бірден тани алмағанын, бір жылдан кейін ғана  түрлі "қылығын" байқай бастағаны жайында айтты. 

"Бәрі қызғаныштан басталды. "Не үшін түсірілімге барасың? Бармай-ақ қой. Қыдырмайсың. Менімен ғана қыдырасың" дейтін. Ол жақтан қол көтеру болмады. Мен жағымнан қол көтеру болды. Мен ұрғанмын. Бір рет кәдімгідей көзін көгерттім. Сосын "Сен не істеп жатырсың" деп айтып, қорғанды. Мен ашулансам, жаманмын.

Сол қызғаныш себеп болды. Әрқашан миыңды жеп, ызыңдайды. Кетесің, артыңнан келіп "Мен өлемін. Маған мүмкіндік берші" дейді. Сосын қайта қосыласың. Сол "абьюзерлік қарым-қатынас жақсы болып кетеді" деп ойлайтын қыздар болса, айтар кеңесім: айырылысып кеткеннен кейін қайтіп қосылмаңыздар. Адам өзгермейді. Сіз ол адамды толықтай сол қалпымен қабылдайсыз немесе айырыласыз", — деді Анар Батырхан. 


Айта өтейік, бұған дейін оның болашақ күйеуіне қоятын талабы, айлық табысы қанша болуы керектігі туралы жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар