Көзіне шөп салды деп ойлаған. Талғарда ер адам әйелін өлтірді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көзіне шөп салды деп ойлаған. Талғарда ер адам әйелін өлтірді

Көзіне шөп салды деп ойлаған. Талғарда ер адам әйелін өлтірді

Алматы облысында ер адам 34 жастағы әйелін аяусыз өлтірді.

  • 11 Наурыз 2022
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ер адамның сөзінше, әйелі көзіне шөп салған. Олар Талғар ауданында тұратын, кәмелетке толмаған екі баласы бар. Вахтада жұмыс істейтін ер адам үйінде айлап болмайтын. Кезекті іссапарынан кейін үйіне оралған ер адам әйелі мас екенін, балалары аш жатқанын көрген. 

Ашуланған ер адам жанжал шығарып, әйелі көзіне шөп салғанын айтып, соққыға жыққан. Әйел адам ауруханаға жеткізілген, бірақ ол есін жимастан қайтыс болған. 

"Тергеу Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне сәйкес жүргізіледі. Қылмыстық істі жан-жақты және объективті тергеу үшін барлық қажет сараптама тағайындалды", — деді Талғар аудандық полициясының тергеушісі Әлішер Ерланов.


Ұсталған ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. 

Соңғы жаңалықтар