Кредит бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға кім өтінім бере алады? - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кредит бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға кім өтінім бере алады?

Кредит бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруға кім өтінім бере алады?

Төлем мерзімін кейінге қалдыру клиенттің өтінімі негізінде жергілікті атқарушы органдардың тізіміне сәйкес су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған азаматтарға беріледі.

  • 19 Сәуiр
  • 29
Фото: ашық дереккөз

Төлем мерзімін кейінге қалдыру қандай кредиттер/кредиттік карталар бойынша беріледі? Halyk Bank ресми сайтында көрсетілген ақпаратпен Caravan.kz медиа порталы бөліседі.

Өтінім беру кезінде «Баспана-хит» және «7-20-25» бағдарламалары аясында берілген қарыздарды қоспағанда, басқа барлық қарыздар бойынша төлемдер кейінге қалдырылады.

Төлемді кейінге қалдыру туралы өтінім беру үшін құжаттарды ұсыну қажет пе?

Құжаттарды ұсыну қажет емес.

Төлемді кейінге қалдыру кезеңінде сыйақы мен өсімпұл есептеле ме?

Сыйақы негізгі борыштың қалдығына Банктік қарыз шартының мөлшерлемесі бойынша есептеледі. Төлемді кейінге қалдыру кезеңінде өсімпұл есептелмейді.

Төлем кейінге қалдырылғаннан кейін кесте бойынша мерзім және ай сайынғы төлем мөлшері ұлғая ма?

Кредиттеу мерзімі ай сайынғы төлем мөлшерін сақтау мақсатында ұзартылады. Ай сайынғы төлем мөлшері ұлғаймайды.

Төлем кейінге қалдырылғаннан кейін жаңа төлем кестесін және кредит бойынша төлем мөлшерін қалай білуге болады?

Төлемі кейінге қалдырылған жаңартылған кесте Halyk қосымшасында Сіз кейінге қалдыру туралы SMS алғаннан кейін қолжетімді болады.

Кредит тарихы

2024 жылғы 1 сәуірге дейін мерзімі кешіктірілген ай сайынғы төлемдер болған жағдайда – күндер саны жинақталуын жалғастырады.

2024 жылғы 1 сәуірге дейін мерзімін кешіктіру болмаған жағдайда не 2024 жылғы 1 сәуірден бастап мерзімін кешіктірген кезде – кредит төлемі кейінге қалдырылған жағдайда – кредиттік тарих бүлінбейді.

Төлем кейінге қалдырылғаны үшін комиссиялар мен өзге төлемдер жоқ.

Су тасқынынан зардап шеккен азаматтардың тізімін жергілікті атқарушы орган жасайды.

Соңғы жаңалықтар