Кристина Кудайбергенова. Ресейлік қыз Димаштың тегін алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кристина Кудайбергенова. Ресейлік қыз Димаштың тегін алды

Кристина Кудайбергенова. Ресейлік қыз Димаштың тегін алды

Ресейдің Ростов облысы Шахты қаласының тұрғыны Кристина Алексеенко танымал қазақстандық әртіске деген сүйіспеншілігіне байланысты тегін ресми түрде Кудайбергенова деп ауыстырған, - деп хабарлайды Liter.kz.

  • 13 Мамыр 2022
  • 1669
Фото - Caravan.kz

"Мен Димашты жақсы көремін. Ол керемет адам, талантты әнші. Мен одан 3 ай 1 күн үлкенмін. Оны алғаш рет 2019 жылдың 7 қыркүйегінде Андрей Малаховтың "Привет, Андрей!" шоу бағдарламасында көрдім. Шығарылым Игорь Яковлевич Крутойдың мерейтойына арналды. Димашты көргенде бірден ұнаттым, көзіне ғашық болдым. Бағдарламада шырқаған "Знай" әніне, дауысына ғашық болдым. Осы күнге дейін бұл менің сүйікті әнім", — деді бойжеткен.

 
Оның айтуынша, ата-анасы мен әжесі қайтыс болған кезде оның аман қалуына Димаштың әндері көмектескен.

Бұған дейін Димаштың Швейцариядан келген жанкүйері әртістің қазақ тілін үйренуіне түрткі болғанын айтса, неміс радиосы бағдарламаны қазақстандық әншіге арнаған.

 

Соңғы жаңалықтар