Жарияланды: 100

КСК-дағы былық

КСК-дағы былық Сурет - NewTimes.kz

Бір КСК 20-дан астам үйді қарауына алып, өзі билеп төстейді.

Ал тұрғындардан жиналған ақша қайда кетіп жатыр, оның есебі жоқ. Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына қатысты заң жобасын талқылау кезінде осы саладағы бірқатар кемшілік белгілі болды. Ал оны шешудің жолдары қандай?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Коммуналдық мекеме мен тұрғындар арасындағы текетірестер жиілемесе, саябырсыған емес соңғы кезде. Әсіресе, елордада. КСК-ға деген өкпесі көп жұрттың.
 

ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: "Пол жуылмайды, ремонт жасалмайды. Подвалдың бәрін осы кісілер жалға береді екен. 100-180 мың коммерциялық мақсатта". 

Ал «Тамыз» тұрғын үй кешенінің тұрғындары «біздің рұқсатымызсыз үйіміздің үстінен үй жалғап салып жатыр деп шулады жуырда.  

«Не законная строительство на крыше дома».

Қазір елімізде 78 мыңнан аса көпқабатты тұрғын үй бар. Олардың коммуналдық қызметіне жауапты КСК-лар жүгенсіз кеткен.  Бір кооперативтің қарамағында 20-дан тұрғын үй бар екен. Төленген қаржы қайда, қалай жұмсалып жатыр. Оны төрағадан басқа ешкім білмейді. 

 НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
«Средство каждая квартира платит.Управлять надо правильно.  Қазір Пәтер иелері кооперативтері 23-24 көпқабатты үйден алып алады. Өзі би, өзі қожа. Қалай басқарғысы келеді, өз білгенін істейді. Ал ай сайын әр пәтер тұрғыны ақша төлейді, ол қайда кетіп жатыр. Тұрғындардың да өзінің үйінің ішін таза ұстайды, ал подъездерінің көретін жері жоқ. Талап етпейді». 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамытуға қатысты Мәжілісте  жаңа заң жобасын талқылау кезінде бірқатар мәселенің беті ашылды.  Осы салаға тікелей жауапты «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және дамыту» орталығы жауырды жаба тоқып жұмыс істейді екен. Ай сайын 1 млн теңгеден жалақы алатын орталық басшысының орынбасарларының саны Премьер-министрдің  орынбасарларынан көп. 
 
 НҰРЛАН НЫҒМАТУЛИН  ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
"Впечатляют , Роман Васильевич , там и зарплаты сотрудников. От порядка миллиона тенге у первого руководителя  до 250 тысяч у рядовых сотрудников, казалось,  бы почему не работать с такой заработной платой и с таким аппаратом.  Но вообще,  мало кто слышал , что вообще существует такой центр. 

Заң жобасын қарау кезінде депутаттар пәтерлерді жалға беру тәртібін қадағалауды ұсынды. Көп қабатты үйлердің ішінде сағаттап, тәулікке пәтер беріп, пайда табатындар көбейген.  

ВЛАДИСЛАВ КОСАРЕВ , ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ 
«я считаю, что квартиры, сдаваемые посуточную аренду  надо в Законе запретить, упорядочить. Чтобы квартира использовалась для жилища,  а не для всякого рода проходимцам,   главным образом  аморального нрава».  

Бұдан былай бір КСК бірнеше үйге қызмет көрсете алмайды. «Бір үй  бір бірлестік  бір есепшот» қағидасы бойынша жаңа тәртіп орнатылады. Тұрғындар өздері төлеген ақшаның есебін, қанша қаржы жиналғанын көріп отырады. Сондай-ақ, зейнеткерлер басқаратын КСК төрағалары да енді экономист, заңгер, әлеуметтік қызметкер секілді білікті мамандармен  алмастырылмақ. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін