КТК араласқан соң дуалдан секіріп қалаға жетуге мәжбүр болған жұрттың мәселесі шешілді - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК араласқан соң дуалдан секіріп қалаға жетуге мәжбүр болған  жұрттың мәселесі шешілді

КТК араласқан соң дуалдан секіріп қалаға жетуге мәжбүр болған жұрттың мәселесі шешілді

Кеше петропавлдық оқушылардың тура рельстердің үстімен мектепке қатынап жүргенін айтқанбыз. Өйткені олар тұратын көшенің қақ ортасын шенділер кезінде жеке меншікке сатып жіберген көрінеді. Оқушылар осыдан кейін жақын маңдағы аурухананың аумағынан өте бастаған. Бірақ кейін оны да қоршап тастап, балаларға темір қақпадан секіріп өтуге тура келіпті. Біздің хабарымыздан кейін тұрғындардың жағдайын көру үшін әдейі барған қала әкімінің өзі де ондағы темір қоршаудан секіріп көрді.

  • 21 Тамыз 2014
  • 206
Фото - Caravan.kz

Бибігүл Малкенова , Петропавл тұрғыны:   

— Бүгін  біздің қалалық әкіміміз келді. Дуалдан қалай секіріп жүренімізді көрді. Өзі де секіріп көрді.Сосын міне мына кісілерді жіберіп, бізде жұмыс басталып,  істелініп жатыр. 

Ахременко көшесіндегі  3 үйді орталықпен байланыстыру үшін шенділер  аурухананың темір қоршауын 4 метрге шегермек. Қазір бұл жердің қоқысы жиналып, өсіп кеткен ағаштар қиылып жатыр. Содан кейін 250 метрдей қоршауды жылжыту жұмыстары басталады.   Ол үшін  қаланың жоспарына өзгеріс енгізіп, аурухана аумағын құжат жүзінде азайту көзделген. Мамандар бұл жұмыстарды  жаңа оқу жылына дейін аяқтамақ ойда.