«КТК» арнасы - Қазақстанның №1-ші телеарнасы атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«КТК» арнасы  - Қазақстанның №1-ші телеарнасы атанды

«КТК» арнасы - Қазақстанның №1-ші телеарнасы атанды

«КТК» тағы үздіктер қатарында! Арнамыз осымен 13-ші рет өткізіліп отырған «Жыл таңдауы» байқауында Қазақстанның №1-ші телеарнасы атанды. Ал әріптесімізАртур Платонов «үздік тележүргізуші» деп танылды.

  • 21 Қараша 2012
  • 588
Фото - Caravan.kz

Айта кету керек, бұл Артур Платоновтың «Алтын адам» статуэткасын осымен 12-ші мәрте алуы. Бұдан өзге «Жыл таңдауы» номинациясына лайықты деп спорт, медиа, медицина, бизнес, өндіріс, өнер салалары бойынша 10 шақты тұлға мен 60-қа жуық компания «үздік» деп танылып отыр.  

Артур Платонов, «КТК» АҚ меншікті таратылым дирекциясының директоры:

— Бұндай сыйдың маңызы, бағасы мен үшін өте зор. Себебі бұл — жыл таңдауы, бұл — халық таңдауы. Біздің бүгінгі жетістігіміз көрермендер арқасында. КТК тек сіздер үшін қызмет етеді. Көпшіліктің бізге деген сенімі — үлкен мәртебе.

Соңғы жаңалықтар