Ктк арнасынан ең үздік түрік сериалын көріңіз - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ктк арнасынан ең үздік түрік сериалын көріңіз

Ктк арнасынан ең үздік түрік сериалын көріңіз

Үздік түрік телехикаясының тұсаукесері! КТК арнасы жаңа драмалық бұрын-соңды болмаған сериалын көрермендеріне ұсынып отыр. Бұл әдеттегідей аяқсыз кететін оқиғадан емес, отбасының абыройын сақтамақ болған кербез жігіт жайында. Сондай-ақ, телехикаядан махаббат үшін күрескен қос ғашықты да таба аласыз. Шытырманға толы үздік туындыны дүйсенбі мен жұма аралығында, кешкі 7:15-те жіберіп алмаңыз.

  • 6 Ақпан 2014
  • 752
Фото - Caravan.kz

 «Қарадайы» бұл КТК арнасынан енді көрсетілімін бастаған су жаңа түрік телехикаясы. Көрерменге өтімді әрі әсерлі болуы үшін азулы режиссерлер Түркияның бетке ұстар актерларын ірктепті мұнда. Мәселен, басты рөлд талай бойжеткеннің көзайымына айналған Кенан Имирзаоғлы, ал ғашығын «Мың бір түннің» басты ханшайымы сомдаған.

-Өмір бойы бақытты болуым үшін өз махаббатымды іздеп жүрмін!

Телехикая отбасының абыройын табанасты етпес үшін жанын беруге бекінген Махир жайында. Яғни, әкесіне «адам өлтірді» деп жабылған жаланы жоққа шығаруы тиіс. Әрине нағыз қылмыскерді тауып беріп.

-Мен өлтірген жоқпын!

Тәрбиелік астары бар сериалда шынайы махаббатқа да орын табылған. Басты кейіпкер Махир отағасының ісін қарап жатқан сот төрайымына өлердей ғашық болады. Қызық енді басталғандай.


Көрген адам сенің әкеңді асқалы жатыр деп ойлайды ғой. – Сенің қолыңа жүзік салынған жоқ. Өйтіп тырнақ астынан кір іздей берсең Махирдан айырылып қаласың, қызым.

Қазақ тілінде көрсетілетін телехикаяның орысша субтитрмен берілетінін де айта кетейік. Қызықты да драмалы оқиғаның немен аяқталғанын білгіңіз келсе дүйсенбі мен жұма аралығында КТК арнасынан «Қарадайы»-ны көріңіз. Күн сайын 19:15-те.