КТК тілшісі шекара туралы жаңа деректі фильм түсіріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК  тілшісі шекара туралы  жаңа деректі фильм түсіріп жатыр

КТК тілшісі шекара туралы жаңа деректі фильм түсіріп жатыр

Отан неден басталады? КТК шілде айының басында жұртшылық назарына еліміздің шекара сызықтары қалай белгіленгені жайында жаңа деректі фильм ұсынады. Онда осы мәселеге қатысты жүргізілген келіссөздер туралы, шеткі шебімізді кімдер қорғайтыны жөнінде сөз болады. «Өте нәзік қызыл жолақ» атты фильмнің түсіріліп жатқанына біраз уақыт өтті. Авторлар ондаған сағат бойы мұрағат ақтарып, жүздеген құжатты қарап шыққан. Түсіру тобы шекара заставаларына барады, тауға шығады, тіпті теңіз жаққа аттанады. Ең бастысы – Президент Нұрсұлтан Назарбаев эксклюзивті сұхбат береді.      

  • 28 Мамыр 2014
  • 300
Фото - Caravan.kz

Шонжы шекара отряды. Тура Қытайдың қасында. Елдегі ең ірі, әрі айбарлы әскери бөлім. Сонау 68-ші жылдардан бері қазақтың оңтүстік-шығысын кірпік ілмей күзетіп келеді. Нақ сол тұста Кеңес Үкіметі мен Қытай қазақ жерін бөлісе алмай, территория үшін талай таласқан. 

Ярослав Красиенко, сценарий авторы:

Біз талай құпияға қанықтық. Территорияны анықтаудағы халықаралық келіссөздерде елдер өктем сөйлеп, неғұрлым шұрайлы аумақтарды өзіне алып қалмақ болған. Тіпті, жаға жыртысуға дейін барыпты. Бұл туралы бүгінгі күнге дейін ешкім білмеген. Өйткені құпия сақталып келді. Фильмде осының барлығы туралы ашық айтатын боламыз.

Шекарадағы біз білмейтін қақтығыстарға толы деректі фильм осы әскери бөлімнен бастап түсірілуде. Мұнда әрбір сақшы тәулік бойы күзетте тұрады. Мылтықты ұршықтай үйіріп, жекпе-жекте алдына жан салмайды. 

Түсірілім тобы бүкіл шекараны аралап шығуды жоспарлап отыр. 12 мың шақырымды артқа тастап, Каспийге дейін жол тартпақ. Ондағы мақсат – қазақ жерінің ұшы-қиырын көрерменге кіршіксіз жеткізу.          


Ал ең бастысы, фильмде осы уақытқа дейін құпия сақталып келген талай деректер айтылады. Шекарамызға көз сүзген көрші елдердің құйтыртқы әрекеттері де жария етіледі. Мәселен, Қытайға қарағанда, Түрікменстанмен шекараны белгілеу әлдеқайда қиындыққа соғыпты. Ол туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі әңгімелейтін болады.