Жарияланды: 390

КТК желісін кеңейту жобасының құны 5,4 миллиард долларды құрайды

Қазақстанның «Теңіз» кеніші мен Ресейдің Новороссийск айлағын байланыстырып отырған Каспий құбыр желісі жүйесін кеңейту жұмыстарының құны 5,4 миллиард долларды құрайды. Атырауда аталмыш құбыр желісін кеңейту жобасының басталу рәсімінде сөз сөйлеген Ресейдің Энергетика министрі Сергей Шматко осылай деді.

«Біз, табысты халықаралық энергетикалық ынтымақтастықтың символына айналған Каспий құбыр желісі консорциумының өткізу қабілетін арттыру жобасын бастап отырмыз», деді Ресей министрі өз сөзінде. Алдымызда құбыр желісінің жылдық қуатын 67 миллион тоннаға дейін арттыру, 5,4 миллиард доллар соманың құрылыс және монтаж жұмыстарын жүргізу міндеттері тұр. Консорциум акционерлерінің, менеджментінің, қызметкерлер мен мердігерлердің бұл міндеттерді атқаруға шамалары жететіндігіне сенемін», деп мәлім етті С.Шматко өз сөзінде. Естеріңізге сала кетейік, КТК компаниясының акционерлері: 31 пайыздық үлесі бар Ресей Федерациясы («Транснефть» - 24% және КТК Компани - 7 %), 20,75 пайыз үлесі бар - Қазақстан Республикасы (оның ішінде Қазмұнайгаз - 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC - 1,75%). Сондай-ақ Chevron Caspian Pipeline Consortium Company (15%), LUKARCO B.V. (12,5%), Mobil Caspian Pipeline Company (7,5%), Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited - (7,5%), BG Overseas Holding Limited (2%), Eni International N.A. N.V. ( 2%) және Oryx Caspian Pipeline LLC (1,75%)компаниялары.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін