Бұл Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бағыс ауылы. Елді-мекеннің Қазақ-Өзбек шекарасында орналасқаны болмаса, өзге ауылдардан еш айрмашылығы жоқ. 10 жылдан астам уақыт бұрын осы шағын ауыл Өзбекстанға қосылып кете жаздаған. Тіпті, кезінде ауылдың ортасынан шекара түскенде жұрт жаппай қарсы шығып, тәуелсіз Бағыс Республикасын да жариялағаны есте. Сол кезде екі ел басшылары шекараны бекіту үшін, ұзақ уақыт салғыласқан екен.
Шәмшидин Сыздықов, Бағыс ауылының тұрғыны:
—Мыналар біздің үйдің жанынан қазып жатыр қазықтарын. Мынау болмайды ғой деп. Біздің бала шағамыз бар гой дедік. Көптен отырған ата-жеріміз. Бұл жерді сен өзбекке қалай бересің? Деген сөз болды.
«Өте нәзік қызыл жолақ» фильмінде Өзбекстаннан басқа көрші елдермен де шекара қалай бөлінгендігі жайында сөз болады. Шеткі шебімізді кімдер қорғайды? Кімге қанша аумақ бұйырды? Қай мемлекетпен шекараны бекіту қиынға соқты? Туындыда мұның барлығын елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айтып береді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
-Компромисс – это так разделить пирог. Что бы каждому досталься большой кусок. Остаются вопросы, который могут решить только главы государства. И здесь приходится очень сильно спорить.
Түсіру жұмыстары қазір қызу жүріп жатыр. Түсірілім тобы туындыны дайындау үшінкөптеген жасырын құжаттарды ақтарып, мыңдаған шақырымды артқа тастады. Енді ұзақ жылдар бойы айтылмай келген жайттардың барлығын көрермен біздің арнадан шілде айында көре алады.