Қазір түсіру жұмыстары қызу жүріп жатыр. Шекара заставасында болған түсіру тобы көз тоймас тау шатқалдары мен дархан даланың қайталанбас көріністерін назардан тыс қалдырған жоқ. Мына бейнекадрлар фильмнің құрамдас бөлігіне айналмақ. Режиссер, сценарист және операторлар шекара бағандарының қалай дайындалып, қалай орнатылатыны туралы айтады. Дербес мемлекеттің басты шекара сызығының маңызы жөнінде саясаттанушылар мен дипломаттар, шекарашылар мен шопандар ой бөліседі. Ең бастысы – елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев бейбіт жолмен шешілген шекара мәселесі жайында эксклюзивті сұхбат береді. Деректі фильм шілде айының басында экранға шығады.
Ярослав Красиенко, сценарий авторы:
-Қарапайым халық Ресей немесе Қытаймен жасалған келісім-шартты екі ел президенттері қол қойған "бір жапырақ қағаз "деп түсінеді. Шын мәнінде олай емес. Шекараға қатысты келісім-шарт жасасқанда бірнеше карта, бума-бума қағаздар тіркеледі. Бір сөзбен айтқанда, бір шарттың өзінің салмағы ауыр.