КТК-да Жаңалықтардың уақыты өзгерді - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
КТК-да Жаңалықтардың уақыты өзгерді

КТК-да Жаңалықтардың уақыты өзгерді

КТК телеарнасының жаңалықтар қызметі эфир уақытын өзгертті. Енді еліміздегі ең елеулі оқиғалар туралы біздің тілшілеріміз дайындаған ақпараттарды алдағы дүйсенбіден бастап Астана уақытымен сағат 19-00-де көресіздер.

  • 31 Мамыр 2014
  • 270
Фото - Caravan.kz


Телеарнамыздың көзі қарақты көрермендеріне төрткіл дүниедегі және еліміздің түкпір-түкпіріндегі өткір де өзекті ақпараттарды бүгінгі күнге дейін кешкі сағат 20-30-да баяндап келгенбіз. Ал 2 маусымнан бастап аптаның бес тәулігінде КТК-ның бейнематериалдарын 19-00-де тамашалайтын боласыздар. Естімеген елге ескертіп, көрші-қолаңды құлақтандырып қойыңыз. Алда жаңа телемаусым, ал арнамыздың үздік мамандары сіздерге тың ақпараттарды өзгелерден ерте жеткізетін болады.