Кубалықтар жастар арасында хитқа айналған, әр тойдың сәні боп кеткен «Аспанға қараймын» әнін біздің әншілермен бірлесе орындап, ғаламторды дүр сілкіндірді.
Кубалық жігіттер төрт жылдан бері Қазақстанда тұрады. Олар еліміздегі жастардың ауызынан түспейтін танымал әндерді сүйіп тыңдайды. Әрқайсысы бұрын Кубадағы белгілі топтардың құрамында өнер көрсеткен екен. Қазақстанға келгенде де қарап жатпай, хитқа айналған кейбір әндерді біздің өнерпаздармен бірлесіп шырқап көрмек болыпты. Кейін талай туындының арасынан «Аспанға қараймын» әнін таңдаған. Бірақ олар оны бостандық аралының өзіндік мәнерімен орындап шығып, ақыры осындай керемет сазды синтез дүниеге келді.