"Құдаңыз бай болғанда бірдеңе бере ме?!": Танымал блогер бай жермен құда болғысы келетін қазақтарға ақыл айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.42
  • 531.39
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құдаңыз бай болғанда бірдеңе бере ме?!": Танымал блогер бай жермен құда болғысы келетін қазақтарға ақыл айтты

"Құдаңыз бай болғанда бірдеңе бере ме?!": Танымал блогер бай жермен құда болғысы келетін қазақтарға ақыл айтты

Белгілі блогер Мөлдір Анарбаева бай жермен құдандалы болғысы келетін халыққа кеңес берді.

  • 25 Сәуiр
  • 941
Фото - Caravan.kz

Ол ауқаттан бұрын, отбасының тегі мен адамдадығына мән беруге шақырды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Блогердің сөзінше, «қыздарға қайыр сұрамайтын жерге бар дегеннен көрі жыламайтын жерге бар» деп айту керек екен.

«Оқыған да оқымаған да ит көп! Адамдығына қараңдаршы. Үйін, көлігін, қызметін қайтесің?! Сөйлей берсін туыстар мен таныстар! Уақытпен дәлелдейтін жігіт жақсы емес пе?!

Оқысын-оқымасын, ел көрсін көрмесін мәселе тәрбиеде! Адамдықта! Тектілікте!
Аналар! Қыздарға қайыр сұрамайтын жерге бар дегеннен көрі жыламайтын жерге бар деп айтыңыздаршы. Құдаңыз бай болғанда бірдеңе бере ме?! Уақытша мақтану үшін қыздың ойын бұзып қажеті не?! Жастар қол ұстасып жетпей ме?! Айналайын-ау өзіміз екі қасық екі күрешкемізге риза едік. Күндіз-түні келетін дос-жаранға не тамақ берсек, деп күйгелектеуші едік. Ниетіміз түзу, пейіліміз жас та болса ақ екен. Қазір мазалайтын дос та жоқ. Екеуден-екеу тамақ тоқ бақыт жоқ жұптар неге көбейді?!», — деп жазды ол.