Күдебаевтың не үшін қызметінен кеткені белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күдебаевтың не үшін қызметінен кеткені белгілі болды

Күдебаевтың не үшін қызметінен кеткені белгілі болды

Полиция генерал-майоры Серік Күдебаевтың Алматы облысы бойынша ПД басшысы қызметінен неге кеткені белгілі болды. Бұл туралы ІІМ мәліметінде айтылды.

  • 25 Сәуiр 2022
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, Күдебаев өз өтініші бойынша қызметінен кеткен.

"Серік Күдебаев биыл 18 ақпанда Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы қызметінен босатылып, өз өтініші бойынша ішкі істер органдарынан кетті", — деді ІІМ өкілі.

Бұған дейін Алматы облысы Полиция департаментін басқарған генерал-майор Серік Күдебаев қызметінен босатылғаны белгілі болды.

Серік Күдебаев 2012-2013 жылдар аралығында Алматы облысы Ішкі істер департаментінің бастығы болған. 2013 жылдың қазанында Алматы қалалық Ішкі істер департаментінің (қазіргі Полиция департаменті) бастығы болып тағайындалған. Осыдан кейін 2020 жылдың қаңтарында ол қайтадан Алматы облысының ПД басшысы болды.


Соңғы жаңалықтар