Жарияланды: 470

Күдіктілерге қылмысты ұрып мойындатқан полицейлер сот алдында жауап беруде

Семейде қызмет бабын асыра пайдаланған 5 полицейге қатысты сот басталды. Абыралы елді-мекененіндегі полиция бөлімінің қызметкерлеріне барымташыларға қылмысты мойындату үшін күш қолданды деген айып тағылып отыр.

Қуат Тұрсынов, Семей қаласы прокурорының көмекшісі:

Қызметтік бөлмеде Құсайыновты қабырғаға бетімен қаратып тұрғызып, қолдарын жоғары көтергізіп, оның жамбасына полицейлік резеңке таяқпен кемінде 10 рет ұрған.

Мына 4 азамат кезінде мал ұрлығымен қолға түскен. Тәртіп сақшылары олардың мойнына басқа да ұқсас қылмыстарды ілмек болып, соққыға жығыпты. Бір тәулік бойы зәбір көрген Абыралы ауылының тұрғындары бірден кұзырлы органдарға арызданған. Айыпталушылар қатарында кенттің полиция бөлімінің бастығы, екі жедел уәкіл мен кезекшілік бөлімінің екі қызметкері бар. Тағылған айыппен олардың ешқайсысы келісіп отырған жоқ. Айтуларынша, мал ұрлаған баукеспелер жала жапқан. Ал жәбірленуші тарап болса, тәртіп сақшыларын бас бостандықтарынан айырудан бөлек, моральдық өтемақы ретінде 5 млн теңге талап етіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін