"Күйеуі өлтіріп тастады". "Супер келіншек" фильміндегі танымал актрисаның кейінгі тағдыры белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күйеуі өлтіріп тастады". "Супер келіншек" фильміндегі танымал актрисаның кейінгі тағдыры белгілі болды

"Күйеуі өлтіріп тастады". "Супер келіншек" фильміндегі танымал актрисаның кейінгі тағдыры белгілі болды

"Супер келіншек" фильміндегі басты сөлді сомдаған өзбек актрисасы Диана Ягофарованың кейінгі тағдыры белгілі болды  

  • 8 Шiлде 2022
  • 23810
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.  

Актриса қазіргі таңдағы өмірі жайлы айтып берді. 

— Мен күйеуге шықтым. Үш балам бар. Қазіргі таңда сериалға түсіп жатырмын. Бірақ, әлі жарыққа шықпады. Инстаграмдағы парақшамды аштым. Ол осыған дейін жабық болған еді. Өмірімді ашық айта бастадым. Мен туралы неше түрлі алып-қашпа әңгімелер айтылды. 

Ол өліп қалды, асылып өлді, күйеуі өлтіріп тастады, Түркияда өмір сүріп жатыр, Америкада тұрып жатыр деген түрлі қауесеттерді естідім. 

Мен осы уақытқа дейін Ташкентте болдым. Күйеуім аздап шығармашылығыма қарсылық танытты. Тұрмысқа шыққан, соң киноға түсуді қоясың, мүлдем ұмытасың деді. Мені ол кездері Москваға киноға түсуге шақырған болатын. Сол жаққа кәсіби түрде жоғары оқу орнына түсуге  барғым келген. Киноға түсу барысында неше түрлі қиындықтар болады. Сондықтан,  терең оқығым келген. 

Туризм колледжін және Москвадағы оқу орнын сырттай  бітірдім, дейді актриса.  

 

Айта кетейік, Өзбек фильмі "Супер келіншек"-тің қысқаша мазмұны былай болды.

Фильм Сардор мен Динанның махаббаты жайлы, үйленгеннен кейін де отбасы болу үшін біраз қиындықтар көргенін баяндайды. Сардорға анасы көршінің қызы Гүлчехраны әпермек болғанымен, бірақ Сардор өз таңдағаны Дианаға үйленеді, Гүлчехраны келін қыла алмағанына өкінген анасы Динананы онша ұнатпайды. Соныңда бәрібір Диана жеңіп шығады.

Диана Ягофарова 1989 жылы дүниеге келген.  

Соңғы жаңалықтар