«Күйеуім бар»: Айгүл Мүкей «некесіз бала туды» дегендерге жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Күйеуім бар»: Айгүл Мүкей «некесіз бала туды» дегендерге жауап берді

«Күйеуім бар»: Айгүл Мүкей «некесіз бала туды» дегендерге жауап берді

Танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей екінші сәбиін дүниеге әкелді. Десе де, халық арасында журналистің жұрт жер-жебіріне жетіп, «некесіз бала таптың» деп айыптап жатыр. Отбасы жайлы мүлде сөз қозғамайтын Мүкей алып-қашпа әңгімеден шаршады ма екен, «күйеуің жоқ» дегендерге жауап қатты.  

  • 28 Мамыр 2018
  • 413
Фото - Caravan.kz

«Менің күйеуім бар. Мен оны әлеуметтік желіде көрсетпеймін. Оны өзі де қаламайды. Бірақ желідегі оқырмандар маған да, достарыма да «оның күйеуі жоқ, қалай сонда, қалай туды?» деп жазып жатыр. Бірақ мен күйеуімді, отбасымды әлеуметтік желіде міндетті түрде көрсетуім керек пе?

Күйеуім бар, бәрі жақсы менде. Хабибаның папасы бар. Бірге тұрып жатырмыз», — деді журналист «Астана» арнасынан шығатын «Ел аузында» бағдарламасында.


Журналист қызының есімін жүз жасаған әйгілі актриса Хабиба Елебекованың құрметіне қойыпты. Тұңғышының атын да актер Әшімовке ұқсасын деп «Асанәлі» атаған еді.

Соңғы жаңалықтар