Жарияланды: 1200

Күйеуім мені қасымен отырғызып, қасымен тұрғызады - Ләйлә Сұлтанқызы

Күйеуім мені қасымен отырғызып, қасымен тұрғызады - Ләйлә Сұлтанқызы

Ләйлә Сұлтанқызы "күйеулер күнімен" күйеуін құттықтады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

Ләйлә Сұлтанқызы жеке парақшасында былай деп жазды:

"Бүгін күйеулер күні дей ме?!) мен де осының желеуімен жігітімді мақтап, сезімімді білдіріп алайыншы. Әйтпесе, жай күні жазсам, "Ләйлә қуды" дейсіздер ғой білем.

Менің жігітім - жігіттердің төресі. Мені қасымен отырғызып, қасымен тұрғызады қасына. Өзімді Ұлы Қытай қорғанының арғы бетінде тұрғандай сезінемін. Көңілдеріңіз көтерілсін деп қалжыңдап жатқаным ғой, егер шын айтар болсам, мен Қайрекеңе өмірімдегі барлық тыныс белгі үшін рақмет айтамын. 

Мені бақытқа бөлеген шақтарың үшін, маған арнаған әдемі мақтауың үшін, дені сау қос ұлым үшін, отағасынан бөлек достығың үшін, қамқор болған көңілің үшін, бізге барлығымызға арнаған өмірің үшін РАҚМЕТ!
Суреті #меніңекіншікітабым-да. Ал кітап @melomankaz-да.
Көзілдірік киген себебім, сол кезде кәсіби маман @ainamed.kz
көзіме ота жасаған еді🙏#Азаматтарымыз_аман_болсын!
#Ерлеріміздің_еңсесі_биік_болсын!".

"Неге өзің қатарлы жігітке шықпағансың күйеуге жалкосың", "Жан ұясын басқаға айырбастап журген жігітті де көрсетіп қойсайшы халыққа қандай адам екен өзі", "Ұрланған тағдыр гой бұл тағдыр", деп түрлі пікрі жазған оқырман мен бақыт тілеп, қызығушылық танытып жазған оқырмандар да жетерлік. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін