Күйеуім мені ұрса, көзіме шөп салса, сол күні балаларымды алып кетемін - Мереке Қалбаева - kaz.caravan.kz
  • $ 481.84
  • 531.33
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
4 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күйеуім мені ұрса, көзіме шөп салса, сол күні балаларымды алып кетемін - Мереке Қалбаева

Күйеуім мені ұрса, көзіме шөп салса, сол күні балаларымды алып кетемін - Мереке Қалбаева

Жайдарман ойындарының актрисасы Мереке Қалбаева күйеуі тарапынан қандай да бір қателіктерге төзбейтінін жеткізді. 

  • 27 Қаңтар 2023
  • 3286
Фото - Caravan.kz

Ол ешқашан жаңа өмір бастауға кеш емес екенін айтты, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілішісі.

Мереке Қалбаеваға оқырмандарының бірі "Мереке, шынымен бақыттысың ба? Жалпы, Арсен жас туралы әзілдеп болсын, басыңды қатырмай ма?", деп сауал қойды. 

Мереке: "Егер мен бақытсыз болсам, жұрттың сөзінен қорқып, ата-анамның абыройын ойлап, сол өмірге шыдап жүретіндердің қатарынан емеспін. Алла сақтасын, күйеуім көзіме шөп салса, ұрса, ішкіш, нашақор, ойынқұмар болса, сол күні бала-шағамды алып кетемін. Ондай адамдардың өзгеруі қиын. 1 пайыз ғой. Алла сана бермесе қиын, сен өзгерте алмайсың. Өз өміріңе немқұрайлы қарама, денсаулық деген аманатыңды күт, балаларыңның психикасын құртпа. Ешқашан жаңа өмір бастауға кеш емес. Алла жар болсын!", деп жазды ағынан жарыла.