17 жасымда тұрмысқа шыққанмын. Қазір шынын айтсам өкінемін. Мəселем, сол күйеуімде. Ол менен 8 жас улкен. Басында бәрі жақсы болды. Кейіннен маған қол жұмсай бастады, елдің көзінше боқтап кемсітетін.
Біраз уақыт бұрын үйде қонбаған еді, сол кезде мен қатты ренжіп, төркініме кеткен қалғанмын. 10 күн болмадым, соның өзінде бір хабарласпады, әлеуметтік желіде басқа қыздармен сөйлесіпті мен жоқ болған кезде. Түсінбеймін мүлдем оны. Ата-енемнен қатты ұялғандықтан үйге қайтып келдім, олар өте жақсы кісілер. Енді қазір күйеуімді жек көремін. Білмеймін неге екенін оған деген көзқарасым мүлдем өзгеріп кетті. Негізінде екеуіміз сүйіп косылғанбыз. Бірақ қазір бәрі басқаша менде. Бірге тұрғым келмейді, амалым жоқ бірге тұрып жатырмыз. Қызымды әкесіз өсіргім келмейді. Не істесем екен, ертерек басымды ажыратып алдағаным дұрыс па?
То