“Күйеуімен жатарын жатып алып, үй беріңдер дейді”: Ақтаулық блогер көпбалалы аналарға тіл тигізді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Күйеуімен жатарын жатып алып, үй беріңдер дейді”: Ақтаулық блогер көпбалалы аналарға тіл тигізді

“Күйеуімен жатарын жатып алып, үй беріңдер дейді”: Ақтаулық блогер көпбалалы аналарға тіл тигізді

Ақтаулық блогер Салтанат Аманқосова әлеуметтік желіні тағы шулатты. Бұл жолы ол көпбалалы аналарға сын айтамын деп, өзі сынның астында қалды.

  • 27 Қаңтар 2022
  • 962
Фото - Caravan.kz

Блогердің жазбасы көптің ашуын туғызып отыр.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Экспресс К басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Ақтаулық блогердің жазбасы Facebook-те жарияланды. Онда Салтанат Аманқосова көпбалалы аналарға ауыр сөздер айтып тастаған.

Осы қатындарды түсінбеймін. Күйеуімен жатарын жатып алып, 5 баласын туып алып, менің 5 балам бар, маған көмектесіңдер, үй беріңдер дейді. Өйтетін болса жатпа, маған не дейсің?! Тума 5 балаңды. Қызықсыңдар!

— деді блогер.


Ақтаулық қыздың бұл мәлімдемесі көптің ашуын туғызып отыр. Олар жазбаның астына "Сәбиге ешкімнің хақы жоқ сөйлеуге, мынаның жүйкесін емдету керек", "Дүниеге келген балаға олай айтатын бұл кім соншама?", "Тауық ми қарындасым ай, cенің әке-шешең жоқ па?", "Олай айтуға сенің хақың жоқ. Сенен ақша сурап жаткан ешкім жоқ. Сұраса үкіметтен сурайды. Алла берген періштелер", — деп түрлі пікір қалдырған.

Соңғы жаңалықтар