"Күлмейсің жылайсың": Рүстем Қайыртайұлы Жайдарман ойыншыларын сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күлмейсің жылайсың": Рүстем Қайыртайұлы Жайдарман ойыншыларын сынға алды

"Күлмейсің жылайсың": Рүстем Қайыртайұлы Жайдарман ойыншыларын сынға алды

Айтыскер ақын Рүстем Қайыртайұлы Жайдарман ойыншыларын сынға алды. Әзілкештердің дөрекілігі айтыскер ақынның шамына тиген.

  • 3 Қаңтар 2019
  • 182
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Ұлттық арна. Жайдарман. Бір-біріне тек "ей, ей, ей" деп сөйлейтін өңшең дөрекі КВНшылар. Күлмейсің, жылайсың. Осы постты жазып отырғанда жеті рет "Е", "Ей" дегенді естіп үлгердім. Сұмдық-ай!" — деп жазба қалдырған Рүстем Қайыртайұлы.

Айтыскер ақынның пікіріне көпшілік қауым қарсы шықты.

"Жайдарман ұлттық әзілдің ұрығы деген Көпен Әмірбек. рас, ей, бей деу сазна мәдениетіне жат. Бірақ, аудитория осыған күледі. байқасаңыз 2012-2013 жылдан қарағанда Жайдарман әлдеқайда дамыған. ойлы әңгіме айтатындар көбейген. көш жүре түзеледі. айтуыңыз орынды. сеніңіз, амандық болса бұл да қалады. Аудиторияның әзіл қабылдауы өседі әлі", "Жайдарманға неге тиісіп қалдыңыз? Мысалы шешінген қыздар туралы неге жазбайсыз? Әлде жайдарманшылар туралы жазып хайп жинайын дедіңіз бе?"- деп пікір білдірді оқырмандар.

Соңғы жаңалықтар