Құлсарыдағы наразылық екіжақты келісіммен аяқталды - ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құлсарыдағы наразылық екіжақты келісіммен аяқталды - ІІМ

Құлсарыдағы наразылық екіжақты келісіммен аяқталды - ІІМ

Атырау облысының Құлсары қаласында тасқыннан зардап шеккен үй өтемақысы бойынша наразылық екіжақты келісімге қол жеткізудің арқасында аяқталды.

  • 22 Мамыр
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін, 22 мамырда Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы “Адырна”-ға сілтеме жасап.

Наразылыққа шығушылар шатырларды жинап алып, орталық жолды ашты. Қазір тұрғындар бүлінген баспананы бағалау туралы келісімге қол қойып жатыр.

«Құлсары төңірегінде бүгін жұрт алаңнан кетті. Менің түсінуімше, конструктивті консенсусқа қол жеткізілді. Құлсарыда да, Оралда да ешкім қамауға алынған жоқ. Өтемақы төлеуді талап еткен адамдар қамауға алынбады», — деді Қожаев сәрсенбі күні Мәжіліс сыртында.

«Ақ Жайық» басылымының хабарлауынша, шеруге шығушылар өз еркімен шатырларын алып, алаңнан тарқасты. Басшылық баспананы бағалау әділ өтеді деп сендірді.

Атырау облысының әкімдігі Құлсары қаласындағы су тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғын үйлерді бағалау осы аптада аяқталады деп уәде беріп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, Атыраудағы Құлсары қаласының тұрғындары 15 мамыр күні әкімдік ғимаратының алдына екінші рет наразылыққа шықты. Жиналғандар тозығы жеткен үйдің әр шаршы метрі үшін 400 мың теңгеден төлем талап еткен.