Күніне бір темекі шегетін адамға қандай қауіп бары анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күніне бір темекі шегетін адамға қандай қауіп бары анықталды

Күніне бір темекі шегетін адамға қандай қауіп бары анықталды

Лондон университетінің ғалымдары күніне тіпті бір ғана темекі шеккен күннің өзінде адамның жүрек-қан тамырлары ауруын жеделдетіп, инсульт алу қаупін 50 пайызға арттыратынын анықтады.

  • 26 Қаңтар 2018
  • 219
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Tengrinews хабарлайды.

Зерттеушілер темекінің адам денсаулығына тигізетін зияны жайлы жазылған 140-тан аса ғылыми жұмысқа сараптама жүргізген. Күнделікті 20 темекі шегіп, оны бір темекіге қысқартқан адамдардың тек 50 пайызының адам өміріне қауіпті аурулардың пайда болуын азайтқаны белгілі болды. Сондай-ақ, зерттеу барысында темекі шегетіндердің 48 пайызының жүректің ишемиялық ауруына жиі шалдығатыны анықталды.

Мұнымен қоса, мамандар әйелдерге де темекі шеккен жағдайда осы ауруларға жиі шалдығуы мүмкін екенін ескертеді. Күніне 20 темекі шегетін 100 әйелдің еркектерге қарағанда инсульт алып жататыны айтылады.


Lenta.ru мәліметінше, америкалық ғалымдар 2017 жылы жариялаған зерттеу қорытындысында кейбір кездерде ғана темекі шегетін адамдардың да күнінен 20 темекі шегетіндер сияқты жүрек-қан тамырлары ауруына шалдығатынын дәлелдеген еді.
 

Соңғы жаңалықтар