Күннің астында өңі өзгере бастаған алып тиін құлатылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күннің астында өңі өзгере бастаған алып тиін құлатылды

Күннің астында өңі өзгере бастаған алып тиін құлатылды

Студенттер сабаннан тұрғызған кеміргіштің мүсінін сұрқы қашты деп сүріп тастаған.

  • 7 Тамыз 2018
  • 250
Фото - Caravan.kz

Күннің астында тұра берген соң алып тиін күйіп, өңі өзгере бастады.Елді шулатқан екі тиіннің бірі құлатылды. Студенттер сабаннан тұрғызған кеміргіштің мүсінін сұрқы қашты деп сүріп тастаған, деп хабарлады КТК.

Айта кетейік, студенттер алматылық тиіннің сыңарын жасап шығарған еді, алайда түп нұсқамен салыстырғанда бұл тиін су тегін болып шықты. Конструкцияға бірде-бір теңге жұмсалмаған. Мүсін Алматы облысы Қаскелең қаласындағы агросаябаққа қойылды. Туындыны 30 адам жұмылып, екі күнде бітірген болатын. Егіншілік институты мен жергілкті шаруалардың қолдауымен тұрғызылған мүсін 1 ай да тұрмады.

 Күннің астында тұра берген соң алып тиін күйіп, өңі өзгере бастады дейді мамандар. Кейіннен сабандары түсіп, алқам-салқамы шыққан. Дегенмен, аз уақыттың ішінде кеміргішке ауылдықтардың көзі үйреніп қалған еді.  


 

Соңғы жаңалықтар