Курчатов қаласына 56 жыл - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Курчатов қаласына 56 жыл

Курчатов қаласына 56 жыл

23-тамызда Шығыс Қазақстан облысындағы Курчатов қаласының 56-жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2003
  • 708
Фото - Caravan.kz

Курчатов қаласының әкімі Әнуарбек Мұхтархановтың айтуынша, қаланың іргетасы Павлодар облысының Май ауданы Молдары ауылының аумағында 1947-жылы қаланған. Семей ядролық сынақ полигоны осы Курчатов қаласының аумағында орналасты. Көп жылдар бойы ол жабық қала болды.

Әкімнің айтуынша, Курчатов «адамның бірегей асқақ ақыл-парасатының айғағындай болған атом ғылымының орталығы ретінде ұзақ жылдар бойы қала
береді. Бұл қалада Курчатов, Харитон, Сахаров, Зельдович сынды атағы әлемге мәшҺүр ғалымдар мен қоғам қайраткерлері өмірге жолдама алды».
Қазіргі таңда қалада 9,5 мың адам тұрады. Тұрғындар санының қысқаруына бұрынғы Семей ядролық сынақ алаңынан Ресей әскери күштерінің шығарылуына орай белең алған көші-қон процесстері әсер етті.
Әскери бөлімдердің полигон аумағынан тез арада буынып-түйініп табан жалтыратуы кезінде Курчатов қаласының ғылыми-өндірістік құрылымы мен әлеуметтік саласының толыққанды қирау қаупін тудырғаны рас. Осындай себеппен 1992-жылдың 15-мамырында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бұрынғы ядролық сынақ полигонының ғылыми-зерттеу кешені негізінде Ұлттық ядролық орталық құрылды. Бүгінде бұл орталықта қала тұрғындарының үштен бір бөлігі жұмыс істеп, қаланың қала болып тұруына арқау-негіз болып отыр.

Соңғы жаңалықтар