Курчатовта бас қосқан сарапшы топ Семей полигонын сауықтыру жөніндегі жобаларды бағалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 544.87
  • 639.02
+29 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Курчатовта бас қосқан сарапшы топ Семей полигонын сауықтыру жөніндегі жобаларды бағалайды

Курчатовта бас қосқан сарапшы топ Семей полигонын сауықтыру жөніндегі жобаларды бағалайды

Бүгін, 29-наурызда Курчатов қаласында Семей полигонын сауықтыру жөніндегі жобаларды бағалаушы және осы жөнінде үкіметке нұсқаулар әзірлеуші сарапшы топтың 4-отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР ядролық қоғамының атқарушы директоры Наталья Жданова хабарлады.

  • 29 Наурыз 2004
  • 538
Фото - Caravan.kz

Сарапшы топқа Қазақстан, Канада, Франция, Финляндия, Норвегия, Германия, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания елдері мен Атом қуаты жөніндегі халықаралық Агенттік (МАГАТЭ), Еуропалық Одақ және Солтүстік Атлантикалық Альянс (НАТО) сынды халықаралық ұйымдардың өкілдері енеді.

Сарапшылар бір аптаға созылатын мәжіліс барысында Семей сынақ полигонын радиологиялық бағалау, Солтүстік Атлантикалық Альянстың (НАТО) «СЕМИРАД» атты жобасының нәтижесі мен оған қатысты ұсыныстар туралы талқылап, Қазақстанға арналған нұсқаулар әзірлейді.
Сарапшы топтың бұған дейінгі отырысы 2003-жылдың желтоқсан айында өткен.
Үшінші техникалық отырыста полигон жерлерін «шектеусіз пайдалануға беру», «ұзақ мерзім бойы пайдаланбау», «тиісті реабилитациялық жұмыстардан кейін пайдалануға беру» тәрізді үш категорияның біріне жатқызу туралы ұсыныс жасалған. Сондай-ақ, отырыс барысында сынақ алаңы аймағынан сынамалар алудың ортақ әдістемесі жасалуға тиіс деген ұсыныс қатысушылар тарапынан қолдау тапты.