"Құрт-май сатып, бала-шағасын асырап отыр": Қайрат Нұртастың анасы су тасқынынан зардап шеккен әйелдердің әңгімесін тыңдады - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құрт-май сатып, бала-шағасын асырап отыр": Қайрат Нұртастың анасы су тасқынынан зардап шеккен әйелдердің әңгімесін тыңдады

"Құрт-май сатып, бала-шағасын асырап отыр": Қайрат Нұртастың анасы су тасқынынан зардап шеккен әйелдердің әңгімесін тыңдады

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова су басқан батыс өңірін бір топ әріптестерімен аралап жүр.

  • 19 Сәуiр
  • 49
Youtube

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер өкілі су тасқынынан зардап шеккен ауыл-аймақтар аралап, ауыл тұрғындарымен әңгімелесті. 

“Неше күн жүріп, бір емес бірнеше жерлерді Атырау, Орал, Ақтөбе барлығын ерінбей аралап, қолымыздан келген көмекті өздеріне көзбе көз тапсыра отырып, халықтың мұң-мұқтажын тыңдадық. Айтып тұрып жылап та біздерді қоса жылатты да. Титымдайынан от басын құрғаннан бастап қанша еңбегімен жиған, тіптен дүние мүлкімен ыстық ұяларынан айрылған, үстілерінен дұрыс киімдерін киіп те азын аулақ заттарын да алып үлгермей, 5-6 бала-шағаларын жетектеп шыға салған қаншама ана көз жасына ерік берді. Әрқайсысын құшағыма қысып, беттерінен сүйіп жұбатқаным болмаса қолдан келер не шара?! Әйелдер біздер түгілі бізбен бірге барған өнердегі ер азаматтардың жүрегі қарсы айрылып көңіл-күйлері түсіп қайтты. Қолдарынан бар келетіні жұмыла түгел қария мен балаға дейін, қапшыққа топырақ толтырып айнала қоршау жасап жатыр”, – деп жазды продюсер. 

Сондай-ақ өнер өкілі апаттың қалай басталғанын куәгерлерден сұрап, мән-жайға қанық болды. 

“Жанымда тұрған келіншек үйінің шатырының үстінде бала-шағасымен 3 күн жатыпты. Бұл сіңлім қаймақ, сүт, айран, құрт сатып, нәпақасын табады екен. Үйіне еврожөндеу жасатып, биыл толық бітірген екен. “Құрт жайған сайын Сізді және Қайраттың құртты жақсы көретіні есіме түсетін. Менің дәмді құртымды қашан жеп көреді екен, бірақ олар алыста ғой. Біз оларды көрмейміз ғой деп ойлаушы едім. Сізбен осылай жолықтырды. Менің құрттарым суға кетіп, үйім тас-талқан болды” деп жылағанда жүрегім езілді”, – деп жазды 

Еске салайық, Қостанай, Арқалық, Амангелді, Жанкелді, Қарасу және Қостанай аудандарының аумағында табиғи сипаттағы ТЖ режимі жарияланған. Қазір аймақ бойынша 51 тұрғын үй мен 66 аула аумағы су астында қалған. Су тасқыны кезінде өңірден 10 мыңға жуық адам құтқарылды.

Соңғы жаңалықтар