Күтім балығы Қазақстанның Қызыл кітабынан шығарылады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күтім балығы Қазақстанның Қызыл кітабынан шығарылады

Күтім балығы Қазақстанның Қызыл кітабынан шығарылады

Күтім балығы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабынан шығарылады.

  • 11 Мамыр 2018
  • 32
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның атап өтуінше, ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінде Қазақстан Республикасының қызыл кітабынан күтім балығын шығару мүмкіншілігі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық зоологиялық комиссияның бірінші отырысы өткен. Комиссия мүшелері «Балық шаруашылығы қазақ ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Атырау филиалының директоры Е. Кәдімовтің 2006-2017 жылдары аралығындағы күтім балығының таралуы мен санын зерделеу жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері жайындағы баяндамасын тыңдаған. «Балық шаруашылығы ҒЗИ» ЖШС Атырау филалы қызметкерлері жүзеге асырған ғылыми зерттеулер, сонымен қатар соңғы 5 жыл бойы балықты аумен аулау сараптамалары Маңғыстау облысына қарасты Каспий теңізінің кәсіпшілік учаскелерінде күтім балығының санының қалпына келгендігі туралы мәліметтерді нақтылады», — деп жазады ол. Сәкен Ділдахметтің атап өтуінше, комиссия мүшелері институт ұсынған зерттеу нәтижелерін талқылай келе, күтім балығының саны қалпына келді деген қорытындыға келген. Бұл Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 қазандағы N 1034 «Өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» қаулысынан күтім балығын шығару жұмыстарын бастауға және күтім балығын ҚР Қызыл кітабынан ІІІ санаттан (сирек кездесетін) V (қалпына келген) санатына ауыстыру мәселесін қарастыруға мүмкіндік береді.



 

Соңғы жаңалықтар