Кувейт Қазақстанмен арада әуе рейсін ашуға ұсыныс жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кувейт Қазақстанмен арада әуе рейсін ашуға ұсыныс жасады

Кувейт Қазақстанмен арада әуе рейсін ашуға ұсыныс жасады

Кувейт Қазақстанға тікелей әуе рейсін ашуға ұсыныс білдірді. Бұл жөнінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

  • 4 Наурыз 2019
  • 15
Фото - Caravan.kz


«Кувейттік тарап Қазақстан мен Кувейт арасында тікелей әуе рейсін  ашуға ұсыныс жасады. Бұл екі ел арасындағы экономикалық, гуманитарлық және мәдени байланысты дамытуға серпін береді және туризмді дамытуға ықпал етеді», — деп жазылған хабарламада. 

Мұндай оң мәселе ҚР Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Кувейт Сыртқы істер министрлігінің басшысы шейх Сабах әл-Халед Ас-Сабахпен кездесуінде қозғалды. 

Атап өткендей, кувейттік дипломат БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде атқарған жұмыстарына, сондай-ақ, осы халықаралық ұйым алаңында екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық деңгейі үшін алғыс білдірді. 

«Тараптар екіжақты серіктестік мәселелерін, соның ішінде, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды қарқынды ету жайын талқылады», — деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар