Жарияланды: 250

"Квотаға кезек күткеннен әзірейілді күткен оңай" - Сәуле Әбілдаханқызы

"Квотаға кезек күткеннен әзірейілді күткен оңай" - Сәуле Әбілдаханқызы

Танымал журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы бүкіл халықтың ең басты проблемасын, яғни тіркеу мәселесі туралы айтты.

Әбілдаханқызы жаңа нәрестенің өмірдегі ең алғашқы мәселесі - тіркеу екенін айтты.

Бұл туралы ол Facebook парақшасына жазды.

"Аналардың, нәрестелердің, бүкіл халықтың ең үлкен мәселесі - тіркеу. Прописка. Перзентханадан шығып, мына жарық өмірге қадам басқан сәтте шақалақтың алдынан ең бірінші кездесетін ең үлкен кедергісі - осы прописка. 
Тіркеуі болмағандықтан ешқандай игілікке жете алмай жүргендер миллион!
Медицина саласы - ол өз алдына шиқан боп бітті. Не маман жоқ, не керекті дәрі-дәрмек жоқ, не құрал-сайман жоқ... квота деген бір қара тау, алынбас қамал пайда болғалы қашан!!!
Квотаға кезек күткеннен әзірейілді күткен оңай", - деп жазба қалдырды Сәуле Әбілдаханқызы.

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть