«Kyiv»: Украина астанасының аты өзгертілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Kyiv»: Украина астанасының аты өзгертілмек

«Kyiv»: Украина астанасының аты өзгертілмек

jАҚШ-тағы География атауы кеңесі Киевтің жазылу нұсқасын халықаралық базада өзгертпек.

  • 14 Маусым 2019
  • 119
Фото - Caravan.kz

Бұл жөнінде Вашингтондағы Украина елшілігі Facebook парақшасында хабарлады, деп жазды Рамблер.

Дипмиссияның айтуынша, АҚШ Украина астанасының атауын «Kiev»-тен «Kyiv»-ке ауыстырмақ.

Осы атау халықаралық базаға 17 маусымда енгізілмек.

Ал, Украина елшілігі АҚШ-тың бұл шешімін «маңызды» деп есептейді.


Сондай-ақ, Киевтің бір көшесіне АҚШ-тың бақилық сенаторы Джон Маккейннің атын бермекші.