"Күйеуі әйелін бекерден бекер ұрмайды ғой". Танымал блогер жұрттың ашуына тиді - kaz.caravan.kz
  • $ 441.44
  • 473.09
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
30 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күйеуі әйелін бекерден бекер ұрмайды ғой". Танымал блогер жұрттың ашуына тиді

"Күйеуі әйелін бекерден бекер ұрмайды ғой". Танымал блогер жұрттың ашуына тиді

Танымал блогер, дәрігер Балнұр Қошанова отбасындағы зорлық тақырыбын қозғап, жұрттың ашуына тиді

  • 16 Сәуiр
  • 305
Massaget.kz

 Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Блогер әлеуметтік желідегі парақшасында «күйеуің ұрса, шыдағаныңша шыда» деген пікір айтқан еді. Ол көзінің неге көгергенін түсіндірді. 

«Кеше бір процедура жасаған едім. Содан бетімнің көгергені кетпеген. Менің аудиториям түсінгенмен, сырттанн келгендер түсінбей жатыр. Дұрыс мен сіздерге «таяқ деп шыдаңдар» деп үгіттеп жатқан жоқпын. Бірақ «шыдағанша шыдаңыз». Алланың ең жек көретіні — ажырасу. Сіздердің араларыңызда не болғанын мен де, ата-аналарыңыз да, психологтар да білмейді. Тек сіздер білесіз. Әйелдің аузынан 5 мың сөз шықса, ер адамнан 20 ғана сөз шығады, сол сөз таусылғанда жұдырығын алып жүгіреді. Ол бекерден бекер ұрмайды ғой, әрнәрсенің себебі бар. Ал ортадағы бала ше? Жартылай жетім болып өскен бала бақытты болып өсе ме?» — дейді ол видеода. 

Желі қолданушылары блогердің айтқанына түрлі пікір білдірген. 

«Шыдау керек екен деп өліп кетсең ше, оқыс тиіп. Онда жетімнің нағыз өзі сонда болды ғой», «Масқара, еркектің ісін ақтап отырсыз ба!» «Ұрыс-керіс,к үйеуден таяқ жеп отырған әйел бақытты болмайды, анасы бақытсыз болса, балалар да бақытсыз болады», «Сіз ажырасып жалғыз бақытты болмайсыз» деген сөзіңізге келісе алмаймын. Өйткені бақытты болу күйеуі бар жоқ дегенге қарамайды. Адам күйеусіз де бақытты бола алады, ажырасып кетсе, өмір тоқтап қалмайды», — деп жазған олар. 

Соңғы жаңалықтар