"Күйеуіме ренжіп отырмын. Дұрыс жасамадық": Ерке Есмахан көмекке 6 миллион теңге бергендегі қателігін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 467.63
  • 547.69
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
13 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Күйеуіме ренжіп отырмын. Дұрыс жасамадық": Ерке Есмахан көмекке 6 миллион теңге бергендегі қателігін айтты

"Күйеуіме ренжіп отырмын. Дұрыс жасамадық": Ерке Есмахан көмекке 6 миллион теңге бергендегі қателігін айтты

Әнші Ерке Есмахан су тасқыны болып жатқан аймақтарға 6 миллион теңге бергенін айтып, ақталды.

  • 16 Сәуiр 2024
  • 1107
Фото: www.instagram.com/erke_esmahan

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

Ерке Есмахан су тасқынынан зардап шегіп жатқан аймақтарға 6 миллион теңге бергенін айтып, ақталды.

«Су тасқынының басталғанына 20 күндей уақыт болды. Алдымен өз жеріміз Орал, Ақтөбедегі бірінші туыс, танысқа көмектестік, қаншама отбасына ақшалай перевод жасалды. Одан бөлек көптеген сборларға ақша жібердік.

Сол ақшаның бәрінің есебін шығарып, күйеуіме ренжіп отырмын. Бөліп бергеннің өзінен үлкен сумма шықты. Одан да сол бөлмей шыққан 6 миллионды бір аудару керек еді. Дұрыс жасамадық. Хоть ауыз толтырып айтатын сумма болатын еді деп.

Ал, күйеуім әдрдайым Алла білсе болды. Адамдар сөйлей береді», деп оқырмандарына көмек берген соманы айтып ақталды әнші.