“Қыздарымен араласпайды”: Мұрат Қожаның экс әйелі бар шындықты жайып салды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.4
  • 550.69
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Қыздарымен араласпайды”: Мұрат Қожаның экс әйелі бар шындықты жайып салды

“Қыздарымен араласпайды”: Мұрат Қожаның экс әйелі бар шындықты жайып салды

Продюсер, кинотанушы Айман Нұразхан ажырасқаннан кейін 5 жыл депрессияда болғанын айтты.

  • 26 Маусым
  • 7
Фото: Видеодан скриншот

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ол Kezdesu бағдарламасына берген сұхбатында экс күйеуі әнші Мұрат Қожамен қазіргі қарым-қатынасы туралы бар шындықты айтты.

“Ажырасқанымызға 12 жыл болды. Өкінішке қарай, біз қазір араласпаймыз. Арасында концерттік бағдарламада көрген кезде амандасамыз. Қыздарымен де араласпайды. Аралас, хабарын біліп қой деп айттым. Бірақ, ол кісі жақтан араласу болмағасын қойдым. Дегенмен, әлі күнге дейін атаммен араласамын, немерелерінің суретін жіберіп тұрамын. Ол кісі тілегін айтып, батасын береді. Мен содан ләззәт аламын, аман болсын. Жақында үш қызымды алып, Ақтау қаласына, марқұм енемнің басына бардым. Ол кісінің қайтқанына 10 жыл болды. Марқұм енемді өте қатты жақсы көрдім. Қыздарым әжелерінің қайда жатқанын көрсін деп алып бардым. Сол кезде аталарымен де көрісті”, — дейді ол.

Сондай-ақ, ол ажырасқаннан кейін ұзақ уақыт бойы күйзелісте болғанын да жасырмады.

“Құжат бойынша “ажырасқан” деген статус көңіл-күйімді түсірді. Енді ажырасқан жылдары тойға барғанда қонақтардың тізімінде бәрі жұп болып жазылғанын, ал өзімнің жалғыз тұрғанымды көріп те көңіл-күйім түсетін. Уақыт өте оған көзің де, етің де үйренеді. 5 жыл депрессия болды. Бірақ оны іште сақтап жүрдім. Әке-шешем, бауырларым, қыздарым, сүйікті жұмысымның арқасында сол күйзелістен шықтым. Қайғыруға, жылап отыруға уақытым да болған жоқ”, — дейді Айман Нұразхан.