Қызылорда облысында 27 медициналық нысан салынады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.37
  • 532.94
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда облысында 27 медициналық нысан салынады

Қызылорда облысында 27 медициналық нысан салынады

Сондай-ақ, 4 ауданаралық аурухана күрделі жөндеуден өткізіліп, медициналық жабдықтармен жарақтандырылады

  • 6 Мамыр
  • 1
© Photo : Официальный сайт президента Казахстана

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда облысының ауылдарында 27 медициналық нысан салынады, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Ведомствоның мәліметінше «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Қызылорда облысындағы ауылдарда медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, сондай-ақ дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарланған.

«Сондай-ақ Шиелі және Жаңақорған қалаларын қоса алғанда, 4 ауданаралық аурухана күрделі жөндеуден өткізіліп, медициналық жабдықтармен жарақтандырылады», — деп жазылған хабарламада.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесінде кадрларды есепке алу мен жоспарлауға мүмкіндік беретін кадр ресурстарын есепке алудың ұлттық жүйесі (кәсіби тіркелім) әзірленіп жатыр.