Лай көшкіннің зардабын жою жұмысына Алматы облыстық ІІББ-ның 600 қызметкері жұмылдырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Лай көшкіннің зардабын жою жұмысына Алматы облыстық ІІББ-ның 600 қызметкері жұмылдырылды

Лай көшкіннің зардабын жою жұмысына Алматы облыстық ІІББ-ның 600 қызметкері жұмылдырылды

14-наурызда Алматы облысы Талғар ауданында адамдар өмірінің қиылуына душар еткен лай көшкіннің зардабын жою жұмысына Алматы облыстық ІІББ-ның 600 қызметкері жұмылдырылды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Наурыз 2004
  • 401
Фото - Caravan.kz

Облыстық ІІББ-ның бастығы Қалмұханбет Қасымов пен оның орынбасары Мейрам Аюбаевтың басшылық етуімен оқыс оқиға орнын үйіндіден тазарту жұмыстарына басқарманың орталық аппаратының, сондай-ақ, көршілес аудандардың полиция басқармаларының қызметкерлері жұмылдырылды. Полиция қызметкерлері үйіндіден тазарту жұмыстарымен бірге қаза тапқан адамдардың аты-жөнін анықтау жұмыстарымен де айналысты. Сонымен бірге, облыстық жол полициясы басқармасының 30 қызметкері арнайы белгіленген бақылау бекеттері арқылы өтетін автокөліктер қозғалысын ұйымдастырып қадағалады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін, 16-наурызда ІІББ-ның басшылығы зілзала зардабын жоюға қатысқан полиция қызметкерлеріне түгелдей жаңа киімдер тарату туралы шешім қабылдады. Өйткені, бұрынғы киімдер жарамсыз болып қалған. Сондай-ақ, басқармада оқыс оқиғадан зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аудару туралы мәселе шешілуде.

Соңғы жаңалықтар