Жарияланды: 11300

Ләйлә Сұлтанқызы Бибігүл мен Нұрболханнан өтемақы ретінде 5 млн талап етті

Ләйлә Сұлтанқызы Бибігүл мен Нұрболханнан өтемақы ретінде 5 млн талап етті Сурет - Alashinform.kz

«Маған жала жапты» деп, әзілкеш Нұрболхан Шарапов пен журналист Бибігүл Дәулетбекқызын тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы сотқа берді.

Бұл тақырып, бірден отандық таблоидтар мен әлеуметтік желілерде қызу талқыға түскен-ді. Ал алғашқы сот отырысы тура бір апта бұрын өткен болатын.

Айман Омарова, Бибігүл Дәулетбекқызының қорғаушысы

Шараповты ҚР қылмыстық кодекстің 130 бабының 2-ші бөлігі, жала жабу яғни ....131 бап қорлау, ал, Бибігүлдікі 130 баптың 2-ші бөлігі жала жабу, қадір-қасиетіне нұқсат келтіреді дейді.

Ләйлә Сұлтанқызының қорғаушылары даулы іске қатысты түсініктемені, біздің арна журналистеріне хат жүзінде жіберді.

Жеке тұлғалар, әлеуметтік желідегі аудиториясын ұлғайту мақсатында пиарға қол жеткізу үшін, Сеңгірбекова Ләйлә Сұлтанқызының абыройы мен ар-ожданынан нұқсан келтіретін пікірлерін әлеуметтік желі арқылы таратқан.

Еске салсақ, 2019 жылдың сәуір айында «қыздардың пәктігіне» байланысты тақырыпта бағдарлама көрерменге ұсынылған еді. Отандық телеарналардың бірінен көрсетілген жобаның жүргізушісі – Ләйлә Сұлтанқызы. Артынша біраз медиа тұлғалар әлеуметтік желідегі парақшаларында бұл тақырыпты қызу талқыға сала бастады.

Өз ойын білдіргендердің қатарында, журналист Бибігүл Дәулетбекқызы мен көңілді тапқырлар клубы арқылы танылған әзілкеш Нұрболхан Шарапов та бар. Бірақ, екеуі де сот шешім шығармайынша бұл мәселе жайлы жақ ашпайтынын айтты. Ал, Бибігүлдің заңды өкілі бұл мәселеде шикілік бар дейді.

Айман Омарова, Бибігүл Дәулетбекқызының қорғаушысы

- Неге ол Нұрсұлтанда болып отыр, бұл бірінші сұрақ. Екінші сұрақ неге Нұрболхан мен екеуінің ісі неге бір болып тұр? Нұрболхан ол Нұрболхан, бір-бірінің қаламын ұстап тұрған жоқ, әркім өзі бөлек жазды ғой. 5 млн. талап етіп отыр. Менің айтайын дегенім де не үшін ол 5 млн.? Неге ол 10 млн. емес, неге 2 млн. емес, неге нақты 5 млн. ол түсініксіз. Түсініксіз жазылған талап-арыз, шынымды айтсам

Ләйлә Сұлтанқызының қорғаушылары жіберген хатта, тележүргізушінің қарсы тараптан өндіріп алмақ сомасы түгелдей қайырымдылыққа жұмсалатыны жазылған.

Нәтижесінде, Сеңгірбекова Ләйлә Сұлтанқызы тапталған құқығын қорғау, әділдік орнату, кінәлі тұлғаларды жауапқа тарту және моральдық зиян келтіргендері үшін өтемақы талап етіп, сотқа жүгінуге мәжбүр болды. (өтемақы толықтай қайырымдылыққа аударылады).

Бүгін, яғни 5-ші қыркүйек күні, екінші сот отырысы өтуі тиіс еді. Бірақ, ол кейінге шегерілді. Айман Омарова, Бибігүл Дәулетбекқызының қорғаушысы

5-күні біз қатыса алмаймыз. Біз оны алдын-ала айттық судьяға. Нұрболханның адвокаты да айтты. Барлығымыз енді жоспарлап қойғанбыз ғой негізінде. Бибігүлдің кітабы бар, Нұрболханның да жұмыстары, бізде сондай өтініш деп айттық.

Сұлтанқызының сөзіне сенсек, ар-намысына тиетін сөздерді жазғанын дәлелдейтін мемлекеттік сараптама да бар. Енді сот қос жұлдыздың жазған посттарын негізге алып, шешім шығарады. Айман Омарова, Бибігүл Дәулетбекқызының адвокаты - Бибігүлдің кінәсін көріп тұрған жоқпын. Қылмыстық құрам жоқ, әңгіме сода болып тұр, әңгіме Бибігүлде емес. Әйтпесе не үшін мынандай программа керек?

Ал, әзілкеш жігіт бұл соттан да өміріндегі маңызды күн – үйлену тойына дайындық үстінде. Тіпті, кеше шырайлы Шымкентте, сүйіктісі Ақмаржанды ұзатып алып кеткен. Үлкен той тоғызыншы айдың тоғызыншы жұлдызына белгіленген. Бірақ, көп ұзамай 16 қыркүйек күні, Нұрболхан Шарапов немесе қорғаушысы сот процесіне қатысуы тиіс.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін