Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің жылын күтпей, жұмысқа шыққанын сынаған оқырманына жауап берді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің жылын күтпей, жұмысқа шыққанын сынаған оқырманына жауап берді

Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің жылын күтпей, жұмысқа шыққанын сынаған оқырманына жауап берді

Тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы күйеуінің жылын күтпей, жұмысқа шыққанын сынаған оқырманына жауап берді.

  • 5 Қаңтар 2023
  • 4311
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

"Бұрын отағасы өмірден өтсе, жұбайы бір жыл бойы аза тұтып, ешқайда бармайтын. Ешқайда шықпайтын еді. Сіздің жарнама түсіріп кеткеніңіз біртүрлі көрінеді екен", — деп жазды желі қолданушысы.

Ал Ләйлә Сұлтанқызы ешкімге ақталмайтынын жеткізді.

"Ертең — жұмыс күні. Еңбектену керек. Осы күндері бірнеше жарнама түсіріп едік, арасында түсінбей жатқан жандар бар екен. Бірақ ешкімге ақталып, өкпелеп, ренжігім келмейді. Менің ойым, жай-күйім, ниетім тек бір Құдайға ғана аян", — деп жауап берді Ләйлә Сұлтанқызы.


 

Соңғы жаңалықтар