Ләйлә Сұлтанқызы өзі жүргізетін бағдарламаға Арменияның бірінші ханымын шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ләйлә Сұлтанқызы өзі жүргізетін бағдарламаға Арменияның бірінші ханымын шақырды

Ләйлә Сұлтанқызы өзі жүргізетін бағдарламаға Арменияның бірінші ханымын шақырды

Арменияның бірінші ханымы, балалар жазушысы Нунэ Саркисян Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін бағдарламаның жаңа қонағы болды.

  • 21 Қыркүйек 2018
  • 94
Фото - Caravan.kz

Нунэ Саркисян сұхбатында жазушылыққа қалай келгені, тұңғыш кітабы жайлы, жоспарлары және армян әйелдері жайлы әңгімеледі.

Бұдан бөлек, ол бірінші ханым болудың аса жауапты іс екенін айтып берді.

"Президенттің әйелі болу — өте жауапты іс. Себебі мен арқылы бүкіл елді, мәдениетімізді таниды. Менің киім киісімнен бастап шаш үлгіме дейін, қалай сөйлеп, кіммен кездескеніме дейін мән беріледі. Алайда мен өте ашық адаммын. (…) Олармен сөйлесу, мемлекетімді таныстыру, мәдениетімізді көрсету — жаныма жақын іс. Мен адамдардың дәрежесіне қарамаймын. Мен патша-патшайыммен де, қарапайым құрылысшымен де,  жұмысшымен де, аспазбен де әңгімелесе аламын. Соңғы рет мен ІІ Елизавета патшайыммен кездестім", — деді Саркисян сұхбатында.

Сондай-ақ, Арменияның бірінші ханымы жұбайы жайлы сұраққа жауап берді. Айтуынша, олар мектеп кезінен таныс болған. Биыл отау құрғанына 40 жыл толыпты.


Сұхбат соңында Нунэ Саркисян ауған әйелдеріне көмек көрсету мәселесі талқыланған форумға қатысты пікір білдірді.
 

Соңғы жаңалықтар