Жарияланды: 67000

Ләйлә Сұлтанқызы Рамазан айының алғашқы күні кешірім сұрады

Ләйлә Сұлтанқызы Рамазан айының алғашқы күні кешірім сұрады

Ләйлә Сұлтанқызы Рамазан айының алғашқы күні кешірім сұрады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

"18 мың ғаламды жаратқан ОЛ ғана пәк, ұлық және хақ! Бәрін көруші, бәрін білуші. Біліп-білмей істеген қателіктерімді кеше гөр🙇‍♀ Мың айдан да қадірлі, қош келдің, Рамазан! Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын! Мұқтажға сұрағанын, науқасқа тілегенін берсін!

Күтпеген адамнан күтпеген хат келген түн болды..
{Үзінді}
Ләйлә ханым! Алла сүйген құлына сынақ жібереді және көтере алатын сынақ жібереді. Қайыспаңыз, мықты болыңыз! Сынақ арқылы адамның қатесі кешіріледі, күнәсі өшіріледі, дәрежесі өседі, үлкен сабақ алады, нәпсісі тәрбиеленеді, кімнің кім екенін айырады, Алладан басқа жәрдемші жоқ екенін түсініп, Оған қайтады. Қателеспейтін адам жоқ, кейде жақсы ниетпен жасаған амалдың нәтижесі жаман болып жатады. Біз әлсіз пендеміз. Ең жаманы пенделер өзіне келгенде адвокат, өзгеге келгенде шетінен прокурор!
Сіз адамдардың алдында абыройсыз қалудан қорықпаңыз, Алланың көзі түзу болсын!
Балалар үшін, жақын туған-туыстар үшін емес, дәл сол Сізді жерден алып, жерге салған қатыгез қоғам үшін мықты болыңыз!
Біз бұрын қатты араласып дос болмасақ та, сізге деген құрметім ерекше! Сондықтан, ренжіткен кездерім болса, кешірім сұраймын.
Алла Сізге Күш пен Қуат, Сабыр мен Төзім, Жеңіс пен Абырой берсін!", деп жазды. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін