Ләйлә Сұлтанқызы: "Телевизия саласындағы ең қымбат журналистпін" - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ләйлә Сұлтанқызы: "Телевизия саласындағы ең қымбат журналистпін"

Ләйлә Сұлтанқызы: "Телевизия саласындағы ең қымбат журналистпін"

Журналист айына миллиондап ақша табатынын мойындады.

  • 14 Желтоқсан 2017
  • 1500
Фото - Caravan.kz

 Ләйлә Сұлтанқызына қарап қазақ қыз-келіншектері бой түзеп, үлгі алуда. Мұны танымал тележүргізуші де жақсы  біледі. Сондықтан, ол ғаламтор арқылы нәзік жандыларға арналған жаңа марафон бастапты. 

Бұл туралы Сұлтанқызы Comode.kz басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz.

 — Ләйлә ханым, қайырлы күн. Көргеніме қуаныштымын. Инстаграм, facebook желілерін шулатып жүрген марафон  туралы айта кетіңізші. Кімнің идеясы, мақсаты қандай?

  -Рахмет, менде қуаныштымын. «Рухани жаңғыру» жобасының шеңберінде қолға алынған іс. Қазақ әйелдерінің басы  біріксе тек өсек-әңгіме айтпай, игі істермен де айналысатынын көпшілікке дәлелдеу. Әйелдер жиналса, өсек айтады  деген ұғым өтірік. Нәзік жандылар жиналса қайда қандай киім арзан, қай жерде шұжық дәмді, балаға керек  жаялықтардың сапасы, одан қалды ерекше ас мәзірі туралы жарыса әңгіме етеді. Енді арасында аздап қасындағы  құрбыларының мінезін талқылап қоятын шығар?!) Ол – кешірімді деп ойлаймын. Айтпағым, міне, осындай пайдалы іс,  саналы оймен бөлісу. Қазақ қыз-келіншектерінің бірлігі мен достығын көрсету; ортақ пікір алмаса отырып бір-бірімізге  қолдау көрсету, танысу. Қоғамға бұл марафон тау қопарарлықтай өзгеріс әкелмесе де, өзіндік пайдасы тиеді деп  ойлаймын. Бұл үлкен мотивация болады деп сенемін. Осындай үмітпен ойластырып, іске асыруды жөн көрдім.

 — Бұл марафон қанша уақытқа созылуы мүмкін?

 — Нақты мынадай уақыттың аралығын қамтиды  деп айта алмаймын. Бірақ, бір аптамен шектеліп қалғым келмейді.      Бірнеше айларға созылатын шығар.

 -Алдағы уақытта марафон қандай тақырыпта жалғасын табады?

 — Қыз-келіншектердің тақырыбы таусылған емес қой. Барлық бағытты: асүй, бала тәрбиесі, ене мен келін, ері мен  әйелі, құрбылардың қарым-қатынасы, т.б. Айта берсек, өте көп ауқымды тақырыптар бар. Соларды қамтитын  шығармын.

  Өзіңіз асханада қаншалықты пысықсыз? Сіздің қолыңыздан қандай тағам дәмді болып шығады?


— Керемет пысықпын деп төсімді ұрып мақтанудан аулақпын. Бірақ, бір әйелге жететіндей шеберлігім бар. Қандай    тамақ дайындасам да денсаулыққа пайдалы болғанын қалаймын. Сондықтан, үнемі мультиварканың көмегіне    жүгінемін. Ауылдағы апаларымыз дайындайтын «сорпа көже» немесе «кеспе көжені» ерекше дәмді дайындаймын.    Оған ешкімнің таласы жоқ шығар. Менің қолымнан кеспе көже ішкендер ертесіне «аузымыздан дәмі кетпей отыр»  деп  қайта қоңырау соғады.  Қуырмаштарым да дәмді болады, бірақ өзім аса ұнатпаймын.

— Сіз телевизия арқылы көп табыс табасыз ба? Әлде инстаграмдағы жарнамалардан келетін табыс көп пе? 

— Екеуін де бөліп қарағым келмейді. Телевизия саласындағы ең қымбат журналист екенімді жасырмаймын.  Гонорарым өте жоғары. Ал, қазір бір емес бірнеше жобаларда қызмет етудемін. Яғни, алатын төлемақым да  жұмысыма сай көп әрі жеткілікті. Ал, инстаграм арқылы бір айда миллион табуым мүмкін. Ал, келесі айда небәрі  100 000 теңге пайда көруім мүмкін. Сондықтан, нақты мынадан көп пайда көремін деп шорт кесіп айта алмаймын.

— Ал,оқырман жинаудың қандай да бір құпиялары мен сырларын білесіз бе?

— Жоқ, мынадай талаптарды орындаса оқырмандар көбейеді деп айта алмаймын. Мүмкін, парақшаңыз қызықты әрі  пайдалы кеңеске толы болуы керек шығар. Мен үшін оқырмандардың саны емес сапасы маңызды. Он оқырманым  болса да, өзіндік өмірге деген көзқарастары бар, пікірлері мен ойлары қалыптасқан білімді болса деймін.

Соңғы жаңалықтар