Ләйлә Сұлтанқызы жарнамадан 20 мың долларға дейін табыс табатынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ләйлә Сұлтанқызы жарнамадан 20 мың долларға дейін табыс табатынын айтты

Ләйлә Сұлтанқызы жарнамадан 20 мың долларға дейін табыс табатынын айтты

Ләйлә Сұлтанқызы айына 3-4 миллион теңгеге дейін табыс табатынын мәлім етті. Алайда тележүргізуші қай жерден қанша ақша алатынын айтқысы келмеді. Сондай-ақ, Аман Тасығанның Talk Like жобасында Сұлтанқызы жарнамадан табатын табысы жайлы да айта кетті.

  • 22 Ақпан 2019
  • 305
Фото - Caravan.kz

Ләйлә Сұлтанқызы The Efir жобасы мен телеарнадан қанша табыс табатынын айтқысы келмеді. Есесіне айлық жалақысының қанша көйлекке жететінін айтты.

“The Efir-ден табатын табысым бір көйлекке, ал телеарнадан табатын табысым 3 көйлегіме жетеді. Мен мас-маркеттен де киінуім мүмкін. Мен Zara мен Mango-дан киінуім мүмкін, LV дүкенінен де киінум мүмкін. Сондықтан оны қалай бағалайсың?” – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

“Бір айлық жалақым 3-4 миллион болуы мүмкін. Қай жақтан, қалай алатынымды айтпаймын”, – деп жалғады сөзін ол.

Бұдан бөлек, танымал тележүргізуші әлеуметтік желідегі жарнама үшін 500 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін табыс табатынын жасырмады. Ал бренд-амбассадор ретінде жарнамаға түсетін болса Сұлтанқызының табысы еселеп көбейетін көрінеді.


“Ол талаптарына байланысты. Бірнеше пункттері бар. Құқықтары менде қалатын болса, 20 мың доллардан төмен, егер құқық оларға берілетін болса, яғни билбордқа, басқа жерде пайдалануға берілсе, онда 20 мың доллардан жоғары”, – деп ағынан жарылды Сұлтанқызы.

Соңғы жаңалықтар