Жарияланды: 380

Ләйлә Сұлтанқызы Жорабаева жайлы: Кешірім сұрауға міндетті емеспін

Ләйлә Сұлтанқызы Жорабаева жайлы: Кешірім сұрауға міндетті емеспін

Белгілі тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әнші Алтынай Жорабаевамен өзінің арасында түсініспеушілік бар екенін айтты. Оның айтуынша, әнші оған әліге дейін ренжіп жүрген көрінеді.

«Мен Алтынайды өз басым жақсы көремін, сыйлаймын. Алтынайды бұрын алып қашқанда да ең бірінші болып беташарында болған адаммын. Бағдарламада анонстық деген бөлім болады. Продюсер арна рейтингісі үшін анонс жасайды. Бірақ бұдан бағдарлама жүргізушісі хабарсыз болуы мүмкін. Сондай-ақ, продюсердің жұмысына «неге олай істедің» деп мен араласа алмаймын. Бағдарлама анонсын көргенде өзім де таңқалдым.

Айтып үлгермедім, Алтынай ашуланып кетіп қалды», – деп ағынан жарылды Ләйлә Ұлттық арнадағы «Nazar» бағдарламасына берген сұхбатында.

Бағдарлама біткен соң Ләйлә Сұлтанқызы Алтынай Жорабаеваға екі-үш рет телефон соққан. Алайда, «бағдарламаға менің жеке өмірімді көпшілікке жариялау үшін шақырған» деп Ләйләға өкпелеген әнші тұтқаны сол бойы көтермепті.

«Қазір бір-бірімізді көріп қалған жағдайда амандасамыз. Бірақ мен кешірім сұрауға міндетті емеспін!», – деді Ләйлә.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть